Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.05.2021
206
Қызық қой
Қызық қой адамның өмірі,
Өткен күн аққан су тәрізді.
Қанша рет өзгертіп өңімді,
Қанша рет бұзды екен қанымды...
Қанша рет тоңғаным белгісіз,
Қанша рет жанғаным белгісіз.
Есімде тек қана кей күндер
Айларға, жылдарға бергісіз.
Жас едім отпенен ойнаған,
Жас едім тереңге бойлаған.
Жас едім қызыққа тоймаған,
Ертеңді кім онда ойлаған.
Білмеппін уақыттың тергерін,
Қайтадан сұрар деп бергенін.
Өтіпті есепсіз күндерім,
Білгенім, сезгенім, көргенім.
Ең үлкен шаттығым - тірлігім,
Сол ғана сүйенер, сенерім.
Кім білсін көп шығар көрерім,
Бар шығар әлі де берерім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter