Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2021
178
Ән
Көк аспанға күрсіне қарайды да,
Шолып алып бүркітше маңайды да.
Ит үстінен жас қойшы шырылдаса,
Кең дүниеге кетеді ән тарайды да.
Он шырқырап жөнейді алыстарға,
Тыңдай-тыңдай қалады таныстар да.
Ащы бастап, аяқтар соңын мұңды,
Елжіретер еріксіз көңіліңді.
О, жігіттің жас жаны жарқылдаған,
Өжет жүрек от - судан тартынбаған.
Неге, неге бүгін ән мұң шертеді,
Аңсатты кім, жас жанын кім өртеді.
Соқ, қоңыр жел, әлдендір ән қанатын,
Жеткізе көр жеріне арналатын.
Тыңдасын қыз, білсін ол жігіт барын
Сағынғанда айтатын әнмен зарын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter