Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2021
176
Отарбада
Бейне перне тізілген,
Шпал қалай көп еді,
Шегіндей домбыра
Рельстер күй төгеді.
Басып перне күй гулеп,
Міне отарба жөнеді.
Қазақстан ән-жырын
Өрге тартып келеді.
Жүйрік болат паровоз
Мені де өрге тартады,
Шайқап жарық вагондар,
Бойда қуат артады.
Терезеден қараймын,
Дөңгелейді айналам.
Қандай жүйрік отарбам,
Қандай қызық заманам!
Отарба Домбыра перне Рельс Әбділдә Тәжібаев Әбділдә Тәжібаев шығармашылығы Әбділдә Тәжібаев өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter