Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  216


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Өлең – өмір

Өлең – өмір
Ақындық кез-келгенге бұйырмайды,
Санаңды сансыз ойлар шиырлайды.
Шабыттың шағаласы шалқып жүрсе,
Құйылып жүрекке сөз тыйылмайды.
Сан сырды бүгіп жатқан асыл ғалам –
Ей, өлең, тылсымың көп ашылмаған.
Құпия құдіретіңе ғашық болып,
Арнауда балауса жыр ақын балаң.
О, өлең, әлдилеген алтын бесік,
Шабыттың жүрегімде шалғыны өсіп,
Сайрайды көкірегім.
Сөз өнері-
Тәңірден адамзатқа болған несіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу