Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2021
219
Бала тілек
Жұмыртқаның жарымай уызына,
Аузын ашқан ақ үрпек балапандай,
Умаждалып тағдырдың уысына,
Сезбей жүрмін, от құшақ ана қандай?
«Сенің анаң некесіз бала тауып,
Тастап кеткен қоқысқа жаны ашымай»,-
Деп үнемі жалпақ жұрт жала жауып,
Қаралайды өзіңді анашым-ай...
Жұдырықтай жүректің бұрышынан
Төбелдей жер бағыма бұйырмады.
Сәлем жолдап, қарлығаш-жыр ұшырам,
-Есіңе ал,- деп қалқаңды қиырдағы.
Құс-кілемге жайғасып ұшамын да,
Артта қалып тар қапас, қара түнек.
Анашымның от-жалын құшағына
Енсем дейді бейкүнә, бала тілек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter