Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  450


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Қайрат Рысқұлбековке арнау

Қайрат Рысқұлбековке арнау

Желтоқсан желі,
Ызғарлы лебі,
               Ағажан, сені тоңдырды-ау.
Алқымнан алып,
Аяздай қарып,
          Жауқазын гүлді солдырды-ау.
Жігітті торлап,
Нәзікті қорлап,
          Жатты аямай тепкілеп.
Жан-жағың түнек,
Жаралы жүрек,
          Жараға тұз сепкілеп.
Қинады-ау жанды,
Ұятты, арды,
          Намысты қорлап таптады.
Жалынды жасты,
Аяққа басты,
          Қарулы қолдар қаптады.
Бәріне төзіп,
Қатардан озып,
          Қарсы шықтың берілмей.
Ерлігің ерен,
Өжетсің өрен.
          Қалмайды өлең өрілмей.
Егемендік пен
Тәуелсіздіктің
          Атқанда таңы арайлы,
Нәзік гүлімен,
Ғажап нұрымен
          Еске алып артқа қарайды.
Елімнің алауы,
Жүректің жалауы
           Морт сынған шыбық, жақсы аға,
Ерлігің – үлгі,
Жазамын жыр ғып.
            Өнеге болсын жастарға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу