Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2021
214
Жігіт сөзі
Жігіт сөзі
Қонақтады көңілге тағы да мұң,
Тырналады тіміскі ой тыртығымды.
Бұрымды қыз, таусыла сағынамын
Мойыл көзді, найзадай кірпігіңді.
Жүрегіме шоқ салдың жылы күліп,
Сөз таба алмай айтуға тіл байланды.
Кербездіктің кірпіші үгітіліп,
Менмендігім борпылдақ құмға айналды.
Дәметпеймін дәнеңе дүйім елден,
Керек емес тартуы басқа жанның.
Саусағыңнан тек сенің сүйірленген
Су ішсем де, «тәубе» дер асқазаным.
Көңілімді ерекше елемедің,
Жүректегі сезбедің қоңыр үнді.
«Араласып тұрайық» деген едім,
Әттең, беріп кетпедің нөміріңді.
Көкірегім – бейне бір түрме дерсің:
Солғын сезім, сан үміт, тұншыққан үн.
Сен де Ару, қамығып жүр ме екенсің,
Кірпігіңе тізіп ап мұң шықтарын?
жігіт сөз сезім қыз Ғашықтық махаббат Ақгүл Тұрсынбай Ақгүл Тұрсынбай шығармашылығы Ақгүл Тұрсынбай өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter