Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  176


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Ұрлау операциясы

Ұрлау операциясы
Менің апам – мейірімді, жақсы адам,
Бірақ, бізге бал татыған дәм керек.
Сәске түсте жасырынып бақшадан
Ұрлайтынбыз шытырлақ пен әңгелек.
Қора жақтан ит үреді абалап,
Апам шығар қолына алып оқтауын.
Көзге түскен жүгірмекті сабамақ,
Ұры түгіл, пісіп тұрған жоқ қауын.
Балақайлар қауын әкеп жан-жақтан
Жейтұғынбыз аңғал көңіл шаттанып.
Бақытымның баспалдағы – бал шақтар
Жүректе тұр мұнара боп сақталып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу