Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  185


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Марқа қозым

Еңселігі қара терге малынып,
Әкем отыр қырықтығын қолға алып.
«Құрбандыққа кетем бе» деп қамығып,
Марқа қозым тыпырлайды долданып.
Маңырайды, тепсінеді, тебеді,
Қол-аяғы жатса-дағы байланып.
Қысқы тонын сыпырғаны сол еді,
Шыға келді қошақанға айналып.
Аяқтағы қыл бұраудан құтылып,
Марқа қозым бола қапты әдепті.
Дүлей құйын марқа жүнін ұшырып,
Орағытып, алдына сап әкетті.
Қаратаудың жотасында жүр ме екен,
Әкем қырыққан аппақ жүні марқамның?
Іздеп жүрмін.
Қай өңірде, кімде екен,
Ақ шұлығы тіге алмаған апамның?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу