Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2021
362
Қиқар Ұлан
Қиқар Ұлан маңқа мұрны пысылдап,
Ойы да жоқ әлдекімнен қысылмақ.
Қолындағы бәдіреннің қабығын
Әпкесіне сый ретінде ұсынбақ.
-Әпке, мені ақылгөй деп жек көрме.
Жас қиярдың қабығынан бетперде
Жасап тұрсаң, күнге күйген сұр жүзің
Айналады ақ парақты дәптерге.
Сығалаған терезеде тесіктен,
Айырылма, інің берген несіптен,-
деп кекеткен қыңыр ұлды әпкесі
Шапалақпен қуып шықты есіктен.
Ойнақтайды ойға түскен бұландай,
Қыдырады үй ішінен сұранбай.
Мейірімді, адал ниет балалар,
Көрдіңдер ме, қиқар жігіт Ұландай?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter