Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2021
349
Қу дүние
Қу дүние
Бала:
- Әке, анық қарап ал, кеңсе – міне,
Нар тұлғамды балаймын еңселіге.
Атышулы мекеме бастығымын,
Көк қағаздар айналған семсеріме.
Езгілеген жаншылап бала мысын,
Жүрегіне орнатқан қара мүсін
«Түбі адам болмайсың» дегеніңді
Енді өзіңе қайтарып аламысың?
Әке:
- Адамдықтың шықтым деп бір шыңына,
Надандықтың баттың-ау былшығына.
Аңқау балам, жүн етіп тағдырыңды
Иіруде сұм шайтан ұршығына.
Байлық үшін көк бұлттай түнересің,
Ажал жетсе, ақиқат – бір өлесің.
Қара қапас түнекте дүнияңды,
Белгілі ғой құшақтап түнемесің.
***
Жұма күні мешітке зорға барған,
Байлық, мансап жолында жорғалаған,
Ақыл-ойды «пендешілік тор» қамаған,
Диірменнің тасындай доңғалаған
Қу дүние-ай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter