Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  5157


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Тілек (Бибінұрдың 1 жасқа толу, тұсаукесеріне)

Тілек

Құтты болсын қадамың,
Бибінұржан балбөбек.
Әкең мәз боп қолға алып,
Анаң сені әлдилеп,
Қуанышқа бөледің,
Қылығыңа тоймаймыз.
Балдай тәтті бөбегім,
Көркем күн мен айдай қыз.
Жыл толыпты өмірдің
Есігін сен ашқалы.
Ал бугінде отырсың
Тәй-тәй қадам басқалы.
Құтты болсын қадамың,
Алға адым баса бер.
Қызы болып халықтың,
Шұғылаңды шаша бер.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Таза болсын бұлақтай.
Тұнығын іш білімнің,
Лапылдай түс шырақтай.
Ата менен әжеңнің
Ізгі жолын жалғай түс.
Ақтарылған жүректен
Ақ тілекті арнаймыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ляззат
Ляззат 29.10.2024 01:22
Керемет

Пікір жазу