03.05.2021
  334


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ -АЙ!

Бала күннен жұптары жазымаған Сағи Әбілхасенұлы мен Сағындық Мырқалиев Қазақтың Әл -Фараби атындағы мемлекеттік университетінің филиология факультетінде оқып жүрген кезі болса керек. Калинин жатаханасында бір бөлмеде жатады.
Бір күні бұлардың бөлмесіне екі бойжеткен келіп Сағиды ертіп әкетеді. Ол досына мұның жай - жоспарын айтпайды. Осыған ренжіген Сағындық Сағидың алдынан төмендегі ренішін жазып қойыпты:
Қымбатты жан Нәпен дейсің,
Басқаларды бөтен дейсіц.
Сыйпаттайтын сол аруды.
Достыц жолмен өтердей сын.
Құдай оныц келтірмеген.
Ешкі - лақтай секеңдеген.
Алып - қашпа мінезі бар.
Жігіт көрсе елпілдеген.
Бір ақылды қыз дедің бе,
Қайта - қайта іздегенге.
Болса ақылың көрінгенге,
Жүрегіңді үзбелеме.
Досының өкпе - назына Сағи былайша жауап қатыпты.
Қызы ғой ол Семейдіц,
Баянға оны теңеймін.
Ас қүймаспыз түріне,
Қалпын жаман демеймін.
Өзі келіп тұрғанда,
Соңына қалай ермейін.
Көре алмастай осыны,
Төмен бе еді деңгейің,
Көзге түссең дәл мендей,
Саған қарсы келмейін, - депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу