Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.05.2021
212
Әпке
Қызы едің Сүгірәлі молданың,
Жастайыңнан шариғатты қолдадың.
Жыласаң да жетімдіктен, Шәмша әпке,
Жігеріңнің көргенім жоқ солғанын.
Қиналсаң да тағдырыңнан түңіліп,
Өшкен емес кеудеңдегі нұрлы үміт.
Жон теріңді сыдырса да ащы өмір,
Арманыңнан арай шашты күн күліп.
Шат тұрмысқа тұрғанымен кенеліп,
Жатқандар аз жұрт көзіне еленіп.
Алла оңғарып мерейі артты әкпемнің,
Абыройдың бесігіне бөленіп.
Ұмытпайын мұсылмандық парызды,
Ұл-қызы бар парасатты, жаны ізгі.
Уықтарын қадасып жүр Отанның,
Жиендердің жаны дарқан тәрізді.
Ана сүтін, әке күшін ақтаған,
Асыл текті балапандар баптаған.
Ақыл, ғибрат, өнегеңді, Шәмша әпке,
Ауыл-аймақ аңыз етіп мақтаған!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter