Өлеңдер ✍️
Әкімге
Астыққа шомылғандай мынау өмір,
Жыл сайын ақ бидайға тұнады өңір.
Көгіне көгершін жыр ұшырмасам,
Басылмас алабұртқан бұла қөніл.
Иіскеп Аспараның бал көдесін,
Сүйемін шежірелі әр төбесін.
Қадірлі әкім інім, өтінерім,
Биіктет Меркіміздің мәртебесін.
Қара нар қабырғалы өзің едің,
Қайраты қара тастай төзімді едің.
Қарқындап өссе екен деп құтты мекен,
Қанша рет ұзақ таңға көз ілмедім.
Ертеңгі қамын ойлап шөберенің,
Еңбекпен мұратына жетер елім.
Әркімге атажұрты - Мысыр шаһар,
Мүбәрак абыройын көтергенің.
Ай, күнді алақанмен жабамыз ба,
Тер төкпей бақ пен дәулет табамыз ба?
Халықты қуанышқа бөледің сен,
Ескерткіш соғып Жауғаш бабамызға.
Көктемдей жылы шуақ төккен күліп,
Көпір сап, аштың жаңа мектеп, клуб.
Қабыл ал, Болат інім, иығыңа
Жабайын ел алғысын шекпен қылып!...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter