Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  203


Автор: Шырын Мамасерікова

ДЕПУТАТ

Бақыттың жүрген жоқсың кіл бағында,


Бәрі шын төздің талай сынға, мұңга.


Дәл сендей халқын сүйген перзенттер аз,


Киелі туган жердің құндағында.


Ешқашан көрсетпеген тосын қылық,


Бір рет мақтанбаған төсін жұлып.


Майталман дәл өзіңдей жігіттер аз,


Елі үшін отқа түсер көзін жұмып.


Кетпейтін жанарынан жарқын күлкі,


Жек көрер мұз жүректі, салқындықты.


Нағыз ер азаматқа беріледі,


Абырой, ар-намыстың алтын кілті.


Өзендей дөңгеленген иірімі,


Таусылмас елге деген мейірімі.


Көбейсін Әмзебектей депутаттар,


Қашан да жаны жомарт, пейілі ірі.


Жарыста озса деумен сәйгүлігің,


Құшағын халқым саған жайды бүгін.


Әмзебек, отбасыңа, Отаныңа,


Тілейміз Күн шуағын, Айдың нұрын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу