Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  228


Автор: Шырын Мамасерікова

Шындық

Өшпес деме алаулап жанған көмір,


Өте шығар зымырап жалған өмір.


Ажалменен бетпе-бет жолыққанда,


Қандай күйді кешесің, қайран көңіл?!


Кім туса да өлуге жаратылған,


Құтылмайды ажалдың аранынан.


“Ғазиз жаның - аманат”,- депті Иассауи,


Мейлі патша, ғалым бол дара тұлғаң.


Түспеу үшін тозақтың азабына,


Ораза мен намазды қаза қылма.


Жарылқасаң кем-кетік, жетімдерді,


Жолығасың жұмақтың ғажабына.


Тәуба айтсаң кетеді қашып қайғы,


Үмметтерін Мұхаммет жасытпайды.


Жақсы-жаман әр ісің Тәңірге аян,


Таразылар, иншалла, асықпайды.


Құран ғана мұратқа жеткізеді,


Имандылық ғибадат еткізеді.


Жаббар Ием мұбәрәк аяттары


Ізгілікті санаңа сепкізеді.


Адал құлдың Аллаға махаббаты-


Әділдігі, рақымы, қанағаты.


Үялатсаң үшеуін жүрегіңе,


Тиері хақ Раббыңның шапағаты!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу