Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  180


Автор: Шырын Мамасерікова

ЖАУЫНГЕРЛЕР АНАСЫНЫҢ ӘНІ

Шекараны күзетіп,


Тоңып тұрса далада.


О арайлы, алтын күн,


Шуағың төк балама.


Қоныр салқын самал жел,


Еркелетші мен болып.


Сырқаттанса айықтыр,


Жұпар ауа, ем болып.


Түн аруы - ай, жұлдыз,


Сәлемімді жеткізші.


Сағыныштан торлаған,


Қайғы бұлтын кеткізші.


Мұңайғанда жұбатқын,


Мейірімді үнмен тіл қатқын.


Айналта гөр өзенге,


Көзін ашып бұлақтың.


Көлеңкесі, күнгейі


Тіршшіктің босқа өтпес.


Ер азамат басына,


Нелер келіп, не кетпес.


Қанша бейнет шексең де,


Бол шыдамды, төзімді.


Шырғалаңнан ақылың,


Алып шықсын өзіңді.


Жауынгердің анасы


Жолын тосар ұлының.


Абыроймен ауылға,


Тез оралғың, құлыным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу