Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
01.05.2021
237
Үміттер ақталса екен!
«Әдебиет әлемі» орталғында Ұлан Ысқаққа, Құрбангүл Ағабекке үміт артуға болады. Екеуі де тез өсіп келеді. Маған олардың өлеңге деген адалдықтары мен орталыққа деген жанашырлықтары ұнайды. Екі жас мың сан бұралаң соқпақтардың арасында адасып кетпесе, әдебиетімізден өз орындарын ойып алады. Орталықта азаматтық болмысы бөлек жігіттер жоқ емес. Олар адамшылыққа табан тіреген жандар. Олардың өмір бойы елдің руханияты үшін тер төгетініне сенем! Өлеңге ден қойып жүрген басқа да жастар бар... Олар жайында айтуға ерте! Тер тегін төгілмегені жөн ғой. Мен бірде «Шәкірттеріме кеңес» деген ой толғамымда «Адамның үмітін өлтіру, адам өлтірумен бірдей...» деген едім. Үміттер ақталса екен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter