01.05.2021
  181


Автор: Мұратхан Шоқан

Төзімі таусылғанда тау да қозғалады..

1. Сіз заттың мəніне терең үңілсеңіңіз көп нəрсе түсінесіз. Көлеңке ауа райына байланысты ұнамды, ұнамсыз мәнге ие... Көлеңке күн ыстықта ұнамды, күн суықта ұнамсыз көрінеді.

2. Басталуы бар істің аяқталуы барын түсінген адам сабырлы болады. Аяқталуы бар істің басталуы барын түсінген адам сергек болады...

3. Ет жақындары үшін күйіну күллі жан иесіне ортақ сезім. Жапа шеккен жақындары үшін күйінген жеке адамдардың сөздерінде ешқандай саяси мән жоқ. ( Құстың балапаны үшін шырылдағаны секілді құбылыс.)

4. Ең ұлы қару – ізгілік. Ғасырымызда қарапайым адамшылыққа, адамзаттық парызға ат үсті қарамағанымыз дұрыс.

5. Шешілмейтін түйін жоқ. Бірақ шым-шытырық шие болып түйіншектелген жіпті шешу үшін, түйіннің шешілер тұсын тауып тартпасаң, өз қолыңмен түйіншекті қатайтып тастайсың...

6. Төзімі таусылғанда тау да қозғалады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу