Өлеңдер ✍️
Қазағым менің ардақтым...
Қазағым менің ардақтым .
Өзіңе арнау , жазбақпын .
Ғұндардан ғұмыр бастаған .
Сақтардан қалған саңлақпын .
Көшпенді көшін сүйреген
Күрескен жауы күйреген .
Алтай Атырау алқабын .
Күлтегін болып , билегем .
Халқына болған ақылман .
Жебе болып жауына атылған .
Әмір темір болғанда ,
Түркінің даңқын асырғам.
Ардақтап ана тілімді .
Қабылдап ислам дінімді .
Қарахан болып, қайырлы .
Жеткізгем әлемге үнімді .
Намысын қорғап, ұлының .
Ұятын сақтап, қызының .
Яссәуй бабам болғанда .
Отырар болып, түркістан .
Шуағын шашқам ілімнің .
Дейсіңбе мұны жалған іс .
Болғанда сұлтан Бейбарыс .
Мысырда билік қолға алып .
Атандым алып жолбарыс .
Еділ мен Ертіс арасын .
Отырар Сауран қаласын .
Әбілқайр болып айбынды ,
Қорғағам түркі даласын .
Жалғанда мынау жалғанда ,
Керей мен Жәнібек болғанда ,
Қазаққа қорған ұл болдым .
Елдігімді алып ордамда .
Әділетке толып , аспаным .
Қиянатқа қадам баспадым .
Есімхан болып , ескі жол .
Қасымхан болып , қасқа жол .
Ұрпаққа үлгі тастадым .
Ер болып теңдік қолға алдым .
Еңсесі биік ордамның .
Хан Хақназар болғанда .
Найзамен жауды қуғанмын .
Елдігім үшін терледім .
Өзгеге есе бермедім .
Шығай хан болып, сексенде .
Жауыма қылыш сермедім .
Дос болса , ақыл айтармын .
Жау болса, қайтпас қайсармын .
Тәү екел хан болып , намысты .
Қазақтың кегін қайтардым .
Дұзағын құрған қастардың .
Айламен талай ашқанмын .
Жәңгір хан болып, жерім деп .
Қол бастап, алға шапқанмын .
Жетеуін жасап, жарғының .
Ұлтыма сыйлап жайлы күн .
Әз тәүке болып, халқымның ,
Жоқтадым әр бір зар мұңын .
Қазақпын қайсар қазақпын .
Аллаға шүкір азатпын .
Абылай болып, ат мініп ,
Басын қосқанмын қазақтың .
Қазағым қайсар ел едік .
Ел қамын ер болып, жеп едік .
Шешімін табпас дауларға .
Төрт би болып, айтқам төрелік .
Қазағым неткен асыл ед .
Өн бойы толған қасиет .
Берекелі елім болсын деп.
Бұхар болып, айтқам өсиет .
Қыс келсе артта жаз қалар .
Данадан ақыл сөз қалар .
Қазақтан шыққан Шәкәрім .
Абайдай асқақ тұлғалар .
Бабалар менің саңлағым .
Өзіңдей болу арманым .
Кене сары болып, рұхты .
Өзгеге бодан болмадым .
Жыр жазды сендеп жас балаң .
Тарихым өзге басқадан .
Дінім мен тілім жерім деп .
Алаш болып, айтқам асқақ ән.
Өткзіп талай сындарды .
Көкейде кетпес мұң қалды.
Ұлтыма қарсы жандарға .
Желтоқсан болдым ызғарлы .
Қазақтай қайсар ел қайда ?
Даламдай жайлы жер қайда?
Халқына болған қастерлі ,
Құнайвдай асыл ер қайда ?
Хандардан қасиет дарыған .
Таусылмас асыл қазынам .
Нұрсұлтан болып ел басым .
Қазағымды әлем таныған .
Шетелде журген ах ұрып .
Тарыдай кеткен шашылып .
Басын қосты Қазақтың ,
Еліме қайта шақырып .
Көтеріп туын Қазақтың .
Сәулесін төксе ғажап күн .
Бес ғасыр болған хандығы,
Тарихы таудай қазақпын.
Елдігім менің нар тұлғам .
Мұра деп бабам қалыдырған .
Отаным бар осындай ,
Ауасы қымбат алтыннан.
Осымен тарттым ат басын .
Көңілдің ашып, қақпасын .
Бір Алла болып , қорғаным .
Бес ғасыр болған тарихы ,
Хандығымды аман сақтасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter