Шығармалар ✍️
Астана - әсем қала - эссе 6 сынып
Астана – Қазақстанның елордасы, қазақтың шуақты болашақ каласы. Қазақ мәдениетінің ошақ ортасы, ғылым және білім ордасы. Қазақ елінің көгілдірлі туы желбіреген тәуелсіздіктің ордасы.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясын айтқан- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Қала жобасын жапон сәулетшісі Кисе Курокава жасаған.
Қазір Астана өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын-үй кешендері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен субұрқақтары, әсем монументтері мен сәулет ескерткіштері бар Астана көз жауын алады. «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ел анасы» монументі, «Конгесс Холл», «Тәуелсіздік сарайы», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Керуен», «Мега» ойын-сауық орталықтары, «Астана – Арена» спорт кешені, ұлы тұлғалар Абай мен Пушкиннің, Сәкен Сейфуллиннің, ұлы үш биіміздің, батырларымыз Кенесары, Бөгенбай батырдың және басқа да қайраткерлердің мүсіндері Астананың сәнін келтірген інжу-маржан, көне Есілдің жағалауына әр берген гауһар моншақтар іспетті. Астана – тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһар.
Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.
Астананың гүлденіп жаңғыруы – Қазақстанныңда гүлденіп жаңғыруы. Ел ордасы Астана жылдан – жылға гүлдеп көркейе берсін. Астананың көркейуі Қазақ елінің көркеюі. Сарыарқаның төрінде орналасқан Астана - Қазақстанның жүрегі. Мен оны әрдайым мақтанышпен "Әсем қалам – Астанам"-деп айта аламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter