Өлеңдер ✍️

  25.04.2021
  192


Нұрбол Аманбеков

Сезім хат

Жалғыз жүрек тулады кемдемдегі
Сезім шіркін мені де әуреледі
Жалғыздықтан жүрегім жалықты да
Серігін іздеді осы өмірдегі

Табылса екен оған өз сыңары
Бақытқа толар еді- ау көз жанары
Бұл оның сырылуымен ұзақ күткен
Сөз жетпестей аяулы ақ арманы

Тау шыңына көз салсаң даладағы,
Шың басынан көрерсің әппақ қарды,
Әппақ қар ақ жүзіңе сай келеді
Табу қиын өзіңдей сұлуларды

Көремін көздеріңнен бір бақытты,
Қабыл алшы ұсынған сезім хатты
Өзіңсіз талай менің таңым атып,
Аңсауменен қаншама күнім батты

Артық кетсем бұйырма еш айыпқа
Сүйсіне қарадым да табиғатқа
Өлең жазсам болатын шығар деп,
Өзіңдей сүп – сүйкімді адам затқа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу