24.04.2021
  3313


Автор: Мира Сембайқызы

Батыл қарлығаш

Кішкентай қарлығаш ұя салған ауылда қуаңшылық басталды. Бір ай бойы аспаннан бір тамшы мөлдір тамған жоқ. Өсімдіктер қурап, даланы шаң басып, жануарларды шөл қысты. Аз күнде балапандарым жұмыртқаны жарып шықса қайтемін деп шырылдаған қарлығаш қанаты талдырып, тауға барды.


– Тау, тау, жаңбыр жаумағалы бір ай болды, бізге көмектесші, – деді.


– Басыма бұлт үйірілсе, жаңбыр жауар еді, – дейді тау күркіреп. Қарлығаш қанатын қағып, бұлтқа жетті.


– Бұлт, бұлт, таудың басына үйіріліп, ауылға жаңбырыңнан төкші! – деді.


– Мұхиттың мол суы буланып келсе, жаңбыр болып төгілер едім, – деді бұлт. Қарлығаш қанаты талса да сонау мұхитқа ұшып барды.


– Мұхит, мұхит, буыңды бұлтқа айналдырып, бізге көмектесші, – дейді жете сала.


– Күн нұрын молырақ төксе, көбірек буланар едім, – деді мұхит буырқанып. Қарлығаш күнге қарап:


– Күн, күн нұрыңды молырақ төгіп, бізге көмектесші, – дейді. Күн батыл қарлығашқа мейірімі түсіп, нұрын молынан төкті. Мұхит суы көп буланып, будақ бұлтқа айналды. Бұлт таудың басына үйіріліп, ауылға нөсер жауды. Сай-саладан су ағып, табиғаттың көркі кірді. Көп ұзамай батыл қарлығаштың балапандары да жұмыртқасын жарып шықты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Анна
Анна 03.03.2024 12:20
Түбек шүмек памперс маған қатты ұнады???

Пікір жазу