Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  310


Автор: Нұрсұлтан Надиров

ПЕНДЕМІН ғой мен ПЕРІШТЕ емеспін.

Бұл жалғанға сынақ үшін келгенмін,
Ертеңгі күн не боларын білген кім?
Алдағы күн жұмбақтанып тұратын,
5-күн жалған дейтін мынау жерденмін.

Жүрегімде толып жатыр шер мен мұң,
Сағымдарды қуа-қуа сенделдім.
Қайыры жоқ мына жалған өмірге,
Қателесу үшінде мен келгенмін.

Бұл жалғанда бір үмітке сенгенмін,
Қателікке бой алдырып көргенмін.
Ғұмырымның заңдылығын ұғындым,
Содан болар өзгешелеу мендегі үн.

Ей өмірім мені бұлай сөкпегін,
Қыйналсамда көз-жасымды төкпедім.
Өтіп бара жатқан мына өмірім,
Жанып бара жатқан бәлкім өртпедің?

Уақыт өтер бұлдырында елестің,
Бұл ғұмырдың жалғанына сенбес кім?
Осылайша бақыт іздеп жүргенде,
Мәңгілікке аттанармыз келместің.

Мен жердемін өтіп жатыр елес күн!
Шығам бір күн биігіне белестің.
Қадамымды кейде шалыс басатын,
Пендемін ғой,
Мен Періште емеспін !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу