Өлеңдер ✍️

  18.04.2021
  317


Автор: Махамбет Өтемісұлы

Қылыштай қиғыр алмас ем

Қылыштай қиғыр алмас ем,
Шарға шауып мұқалдым.
Суаруы қанық көк сүңгі ем,
Сұғуын таппай тот алдым.
Жал аулы найза майрылып,
Жау тауымды шаққанын,
Дұшпан қайта қайрылып,
Туымды менің жыққанын
Енді қайтіп ұмытармын?!
Алайда бір шендессем,
Ауыр жүкке кездессем,
Қара нардай-ақ
Саздауға қарсы жұл қармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу