Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.04.2021
283
Желден де желгір ақбөкен
Желден де желгір ақбөкен
Озса да орғып көлденең,
Құралайына қарайлап,
Оққа ұшпай ма сол үшін?!
Ұялы бүркіт күн ұзын
Қалықтай самғар шөже үшін.
О да бір торға түспей ме
Шөжеге керек жем үшін?!
Дертке дауа іздеген,
Тірліктен үміт үзбеген
Сергелдең болар емі үшін.
Асыл туған арулар
Жанын пида етпей ме
Шын сүйіскен теңі үшін?!
Аттанған едім көп үшін
Көптің жинап мол күшін,
Дұшпанда кеткен сол көптің
Ежелден бергі кегі үшін.
Таршылық басқа түскенде,
Қапаланам мен - дағы
Қаумалаған қасымда
Қарындастың кемі үшін.
Арманы бар ма жігіттің –
Қапылыста тап берген
Тайталасса жауымен,
Туып, өскен жері үшін?!
Жал аулы найза қолға алып,
Қалық пандай қомданып,
Жау тоқтатып айқаста,
Құрбан болса елі үшін?!
ақбөкен Құралай оқ ұя Бүркіт Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter