Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.04.2021
402

Аспанда ұшқан ақсұңқар
Аспанда ұшқан ақсұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын.
Арпа жемес арғымақ
Ақ селеу отқа зар болар.
Миуа, шекер жемеген
Алғаным менен балдарым,
Қоңырсыған дүние-ай,
Қой етіне зар болар.
Жапаннан қарсақ ін қазар,
Хан салдырған жәрмеңке,
Жырақ болсын бізден бұ базар.
Қатын қалса, бай табар,
Қарындас қалса, жай табар.
Артымда қалған ақсақал
Алқалай кеңес құрған күн
Ақылменен ой табар.
Кейін қалған жас бала,
Күдер үзіп біздерден,
Көңілі қашан жай табар?
аспан Ақсұңқар лашын Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇