Өлеңдер ✍️

  18.04.2021
  214


Автор: Махамбет Өтемісұлы

Борай да борай қар жауса

Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тозар ма?!
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған жомарт оңар ма?!
Ағайынның ары үшін.
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін - кәпір, алғанын
Талғам деп айтсаң болар ма?!
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың ақ сұңқар
Ылдидың аңын шалар ма?!
Асқар таудың басына
Лашын, сұңқар түлесе,
Дал ада қалған сүйек деп,
Жүніне қарға жолар ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу