Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.04.2021
313
Ақ жүрегін тербетіп
Ақ жүрегін тербетіп,
Ер көңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім.
Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім.
Ақырында, дүние-ай,
Сол ерліктен не көрдім?!
Жолдасқа билік бермедім,
Кешегі хан үстіне барғанда,
Ақсүйектің баласы
Бақадай шулап тұрғанда,
Ерлікпенен алданып,
Өзіме-өзім қас қылдым.
Сырлы зерен аяқпен
Бал ұрттаған ер едім, -
Бұл уақыттар болғанда,
Көктей өтіп Жайықты,
Бір қасық ішкен қара су
Жұмасына ас қылдым.
Осы жақта мен өліп,
Артымда тірі сен қалсаң,
Жасөспірім Жақияны,
Жолдасым, саған тапсырдым.
жүрек көңіл жетім жесір Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter