Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.04.2021
380
Мұңайма
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден бақ тайды.
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды.
Жолдастарым, мұңайма!
Жайықтың бойы көк шалғын
Жайықтың бойы көк шалғын -
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті-сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, қойдай қылып айдармыз,
Жолдастарым, мұңайма!
мұң хан азамат ұран жау Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter