Өлеңдер ✍️

  15.04.2021
  479


Автор: Жамбыл Жабаев

Атаның әлдиі

Ал, Қуаныш, Қуаныш
Сені етейін жұбаныш,
Алғадайым өлгелі
Боп кетіп ем жылағыш.
«Ата, ата» — деп келгесін,
Айналайын, алайын.
Ақ бетіңнен өбкен соң
Жүрегімді жамайын.
Ермек болып отырсаң,
Мен бір әнге салайын.
Көңілімді шат қылсаң,
Көтеріліп қалайын!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

.....
..... 20.11.2024 19:23
Жамбыл жабаев поэмаларын ата

Пікір жазу