Өлеңдер ✍️

  13.04.2021
  363


Автор: Жамбыл Жабаев

Жаныс ақынға

Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай.
Қашсаң, қуып жетейін,
Бізге жабы бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды
Көрмеуші едім шыбындай.
Кәне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың, шының ба-ай?!
Деп келдің бе Жамбылды
Күнде жеңген Шыбылдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу