Өлеңдер ✍️

  13.04.2021
  246


Автор: Жамбыл Жабаев

Сәт сайланарда

Лашын құстай таранып,
Сыртың сұлу көрінген.
Неңді медеу саналық,
Жел еседі жеріңнен.
Қайымады түйелер,
Қысырады биелер.
Қыста қырсыз, жұт болдың,
Елге жүгіңді үйе бер.
Шығынмен де шаршаттың,
Енді қайтіп күй енер?!
Көргеніміз сол болса,
Неміз қалды сүйенер!
Қазбасам да мен онша,
Елдің өзі-ақ жүйелер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу