Өлеңдер ✍️

  13.04.2021
  259


Автор: Жамбыл Жабаев

Көкімге

Бері отыршы, Көкімім,
Қандай екен өкімің?
Елді билеп алуға
Қай арадан бекідің?


Әлде бекіп келдің бе
Арын сатып бетіңнің?!
Бір тояйын дедің бе
Ақысын жеп жетімнің?


Әлде ғаріп көз жасын
Көрейін деп бекіндің?
Ашып жауап қайыршы,
Көкім, сенен өтіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу