Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.04.2021
237
Достыма
Бұлтты кетір ойыңнан,
Жазды шығар бойыңнан.
Ақылың болса айныма,
Өз жасаған тойыңнан.
Бәрі қызық мереке,
Ашуланба, ереке.
Өз қақпаңды аштың деп,
Кім қылады келеке?
Кімде жазық ойласаң,
Өкпелеймін қоймасаң!
Баяғы түрге бір келіп,
Мен разы ойнасаң.
Қапаға жоқ тіпті жөн,
Ақылың болса сөзге көн.
дос ақыл ашу Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter