Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.04.2021
193
Алғыс
Жанымды жарқыраткан, ағаларым!
Көп тиді біз - ініңе паналарың.
Талпынып, таянды ғой төбем көкке,
Жоқ еді қозғаларлық шамаларым.
Бақ пен тақ, жақсылықган нұр құйылып,
Өмірлі болсын бала-шағаларың!
Жаным, тәнім, тілегім — бәрі сізде,
Онан баска еш нәрсе жоқ қой бізде.
Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
Жақсылықнұр жауғызсын, жұртым, сізге.
алғыс аға іні пана бала-шаға Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter