Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.04.2021
225
Қыз сүю
Қыз десе әркім кетер қызуланып,
Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.
Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы
Қояды бір қиқаңдап құшырланып.
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
Мылқау, кеще, таз, тазша болсаң-дағы
Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой.
Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,
Көргенде құмарланып кеудең толса,
Алмас қылыш жүзіндей аударылып,
Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.
Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса.
Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,
Белдері тартқан сымдай нәзік болса.
Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,
Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.
Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,
Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?
қыз сүю көңіл дүние Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter