Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.04.2021
286
![](/uploads/shorttexts/author_image/ed1e1921edb10e57da4be6e6f2531e07-original.jpg)
Қандай басшы
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
Өзі үшін бір қалаға барып келсе,
Керек-жарақ нәрсесін алып келсе.
Одан артық басшыны қазақ таппас,
Шығынын он есе ғып салып келсе.
Газет-журнал басшыны мадақтаса,
Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,
Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,
Аңшының итіндей боп алақтаса.
қазақ басшы еңбек Шляпа Очки Портфель Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇