Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.04.2021
190
Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Ауырлық түсті биыл біздің басқа.
Биенің құлынындай жарасушы ем,
Айрылдым мен әкемнен жеті жаста.
Не жаздым жеті жаста жылатқандай,
Көз жасты дария етіп бұлатқандай.
Мейілі бұл жылаудан өлсем-дағы
Кімім бар басым сүйеп уатқандай!
жазу тас әке айрылу Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter