Өлеңдер ✍️
Осы да әділдік пе?
Дүниенің дөңгелегі айнапады:
Кімі үстінде гуляйттап жайланады;
Кімі астында езілер саз балшықтай,
Білмеймін, түбі неге айналады?
«Үстегіде не қасиет, астағыда
Не жазық?» деп еріксіз ойланады.
— Үстегі сындырмаған шөптің басын,
Сонда да тамағы тоқ, кигені асыл;
Жасаулы, зиннеттеулі пататада
Қызметкер даяр қылар керек асын.
Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас
Қондырған бір жүзікке асыл тасын;
Бір кедей жылдық тамақ етер еді,
Өндеген бояуына бет пен қасын.
Безе нуге, ойынға мал шашумен
Өткізіп бара жатыр өмір жасын.
Қол жоқ онда жұмысқа, іске тиер,
Жұма сайын бір модалы киім киер.
Сән-сауықтың бәрі де табылады:
Тек қайсысын көңілі оның сүйер.
Бір қонағы тұрады он мың теңге,
Номерлерге барысы одан кем бе?
Бір түнгі бір әйелге шыққан шығынын
Түссе де кедей таппас 40 жыл терге.
Жолы бос жиһан кезсе тамашалап,
Алдында стол, биші қыз, қызыл арақ;
Портвейн, карта ойыны күн-күн сайын,
Іш пыскан соң отыра ал май текке қарап.
Шалкасынан жатса да, құдай берер,
Шашса да кедейлік жоқ оған көрер.
Заводы, фабригі, жер жалынан
Жыл сайын миллион-миллион доход келер.
Астағы жұмыс қылған қолы жаурып,
Жасынан терге жуылып, арқасы аурып.
Жер астының кендерін шығарам деп,
Жөтеледі, онда жоқ денге саулық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter