Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.04.2021
207
![](/uploads/shorttexts/author_image/ed1e1921edb10e57da4be6e6f2531e07-original.jpg)
Мейірімсіз ажал
Көңілге қайғы у салып,
Көзден жасты барлатқан,
Жүрекке жара дақ салып,
Жанды ашытып зарлатқан
Уытың күшті, ажал-ай!
Дегеніне жеткізбей,
Қайғыға ойын толтырған.
Ойдағысын еткізбей,
Бірді бірден айырған
Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай!
Көңілін жастың мұқатып,
Қайғыға ойын толтырған.
Тамырына оқ атып,
Қызыл гүлді солдырған
Түсің суық, ажал-ай!
Бақытын жастың ашқызбай,
Қапыда алдың, не түсті?
Көңілін жастың басқызбай,
Арманда алдың, не түсті?
Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!
мейірім ажал көңіл қайғы Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter