Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
08.04.2021
300
Жаңа кітап
«Азамат» — Міржақып Дулатов жазған өнегелі өлең кітабы. Баспасы таза, бұрынғы жазғандарына қарағанда бөтен тілден аршыңқы, мағынасы тереңірек. Әсіресе қышуға тиетін жері «Иә, алла», «Қайтер едің», «Газета, журнал» деп бастағандары. Қара жамылып, қайғы жұтып тұрған кезде жазған ғой. Кейбір уәзіндері бірінен бірі қысқа ойнақы емес, оқушының арбасы сазбен жүргендей ауырланып шығарлық.
Алдыңғы туғандарды көш жүре түзелер, жоқтан да бар жақсы, біздің неміз жетісіп тұр деп жүрген, құрық тигізбедік. Мұнан былайғылардың мінін қолға алып, үлгіні осы бастан түзете беру керек. Қанша дегенмен жаманның барынан жоғы жақсы дейтін мезгіл болыңқырады ғой. Бұл турадағы білгенімді өз алдына жазармын.
1913
жаңа кітап азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров әңгімелері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter