08.04.2021
  351


Автор: Шерхан Мұртаза

Ақындар мен әкімдер

Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын. Төрінде Абайдың кітабы тұрған үйдің сәулесі де молырақ. Абай кітабынан ерекше сәуле шашырап тұрады.


Сол сияқты Абайдың кітабы үйінде тұру бір басқа да, оның шапағатына шомылу бір басқа.


Оны оқу бар да, түсіну бар. «Абайды танып болдық па?» деп газет бекер жазбайды. Абайды көп қазақ оқыды, түсініп оқитындар да аз емес болар. Ал түсінгенін бойына, мінезіне, адамгершілігіне дарытып жүргендер көп пе? Міне, бұл ойланатын мәселе. Егер әркім Абай арқылы ақылына ақыл қосса; кез нұрына нұр қосылса; сезімін байыта түссе; жан дүниесін, рухани әлемін рахымдандыра берсе — шіркін, онда арамдық, арызқойлық, қызғаныш,тәкаппар - тақастық, өтірік - өсек, жалақорлық, тағы не бар — барлық жағымсыз қылық арамыздан әрқашан аласталар еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу