Өлеңдер ✍️

  07.04.2021
  573


Автор: Мағжан Жұмабаев

Алатауда

1. АЛАТАУ
Иір-иір Алатау
Бұйра-бұйра жал ма екен?
Қарасам көзім талады-ау
Қияңа, асқар Алатау.
Бөлек-бөлек бала тау
Етекте шөккен нар ма екен?
Желкендегі, ару Алатау,
Жауһардан тізген жал ма екен?


2. ҚҰЗДАР МЕН ҚЫЗДАР
Алатаудың құздары
Аспанның сырын ұрлайды.
Жылытып жырмен мұздарын,
Күңірентіп таудың құздарын,
Қырғыздың ару қыздары
«Зекенбайды» ырлайды.
Алатаудың құздары
Қырғыздың сырын ұрлайды.


3. ҚОҚИ МЕН ҚАРТОЗ
Тұлымдары сүліктей
Селкілері бар болсын!..
Едірейіп еліктей,
Селкілері сүліктей.
Қоя-ақ қойды елікпей,
Көрініп қоқи қартозын.
Сымбаттары сүліктей,
Селкілері бар болсын!


4. ТАУДЫҢ ТОЛҒАУЫ
Ай шырайлы аяшың
Күл болып күйіп, солмасын.
Бозаға толып шанашың,
Күл болып күйіп аяшың,
Семетей менен Манасың
Қысыр бір қисса болмасын.
Айшөректей аяшың
Күл болып күйіп, солмасын.


5. ҮЙДІҢ ЕРІ
Тырнала, қырғыз, танабың,
Ел болмайсың оқымай.
Мола жұтсын манабың,
Тастапсың адыра танабың,
Боза бопты шалабың.
Атаң көрі, қоқи-ай...
Тырнала, қырғыз, танабың,
Ел болмайсың оқымай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу