Өлеңдер ✍️

  06.04.2021
  592


Автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей...

Мен кетемін,
келеді тағы өмірге мендей,
Олар мінді көреді,
қисық жерін жөндей.
Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы,
Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей.


Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек,
Бәрінен де сол мақұл –
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың түкке тұрмай арам ойы жойылып,
Аяғында хақиқатты бұл үшеуі жеңбек.


Сен бола гөр аққа жақ,
болам десең адам,
Адал еңбек берер бақ,
бассаң соған қадам.
Айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды адамның
Таппасы жоқ бұл өмірде, осынымды ұқ, балам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу