Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.04.2021
433
![](/uploads/shorttexts/author_image/bez-nazvaniya[2].jpg)
Аурусыз жанға айла жоқ...
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрi бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрi бар.
Аурусыз жандар – мисыздар,
Мисызда ауру бола ма?
Тәнi сау, миы науқастар,
Ондайға дәрi қона ма?
Милыда ойсыз күн болмас,
Ауырмай миы тұра ма?
Миынан басқа ем қонбас,
«Емдейiн бе?» деп сұрама!
ауру айла дәрі жан Шәкәрім Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇