Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.04.2021
451

Шошыма, ойым, шошыма...
Шошыма, ойым, шошыма,
Келмейдi жындар қосыма.
Таhараты жоқ сайтан
Жоламас менiң қасыма.
Қажыма, ойым‚ қажыма,
Қарама тозған жасыма.
Адаспасаң ақ жолдан,
Қонады бақыт басыңа.
Билет бәрiн сабырға,
Кiрме ажалсыз қабірге
Сырласатын күн туар
Жан қияр жақын тамырға.
Шошу ой жын шайтан Шәкәрім Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇