Өлеңдер ✍️

  06.04.2021
  432


Автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бәйшешек бақшасы

Жемiстi, жақсы иiстi бұл бәйшешек,
Аралайық, пайдасын көрем десек.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,
Ұқтырар талай тәлiм, талай есеп.
Ерiнбей тамам гүлiн аралаңыз,
Болса да кейi ұсақтау, кейi кесек.
Тiкенсiз гүл, жылансыз кен болмайды,
Тiкеннен жиiркенiп жемiс жесек.
Жақсы мiнез, жаман ой айқындалар,
Осыны ұғайық деп ентелесек.
Тәттi жемiс, нұрлы гүл керек қылмас
Боққа төккен саламға тойған есек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу