Өлеңдер ✍️

  06.04.2021
  352


Автор: Нұрбол Бимұрзаев

Ешкімді ренжітпеңдер

Абдуллаһ бин Мубарек, әулие, ғалым, хазірет
Шәкірттерін шақырып айтты мәнді өсиет;
Ешкімді де ренжітпей тигізбеңдер қасірет,
Осы сөзді әрбірің құлағыңа тиек ет


Дене демек бір бүтін халық, қоғам дегенің,
Адам ағза-мүшесі осы алып дененің,
Тікен батса жай ғана, кез келген бір мүшеге,
Сезінеді күллі ағза, сыздап жанын жегенін.


Міне осы себепті жақсы қарым қатынас,
Болу керек әркімнің ұстанымы бұлжымас,
Ренжітпеңдер ешкімді, ренжіткендер оңалмас,
Көркем мінез жылы жүз көрсеткендер ұтылмас.


Біздің ұлы дініміз, ілім діні білсеңіз,
Ғылымменен шынайы көтерілер еңсеміз,
Қайнар көзі ілімнің ғалымдар жол сілтеуші,
Адаспаққа апармақ ғалымсыз жол жүрсеңіз


Ислам ғалымдарымыз зәулім кеме іспеттес,
Бұл кемеге мінгендер бақ жолынан қол үзбес,
Хазрет Имам Ағзамның кемесіне кел мінгес,
Әһли сүннет кемеге мінген жандар өкінбес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу